00:00
Астана -10oC
USD:
474.83
EUR:
515.38
RUB:
5.5
Іздеу

Мамырдағы мереке күндері пойыздар 317 мыңнан астам жолаушыны тасымалдады

15.05.2024 | 13:53
191
Мамырдағы мереке күндері пойыздар 317 мыңнан астам жолаушыны тасымалдады
Фото: дереккөз

1 және 9 мамыр аралығында «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарымен 317 мыңнан астам жолаушы тасымалданды. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.  

Тасымал компаниясының мәліметінше, жолаушылар 7 және 9 мамыр аралығында сапарға жиі шыққан. Бұл күндері 112 мың жолаушы тасымалданды. Мереке күндері жолаушылар арасында Астана-Алматы, Астана-Шымкент, Алматы-Шымкент, Астана-Семей бағыттары бойынша жүретін пойыздар сұранысқа ие болды.

Пойыздың басқа көлік түрлеріне қарағанда бірқатар артықшылықтары бар. Теміржол көлігі кез келген ауа райында тасымалдауға дайын.

Айта кетейік, жыл сайын ҚТЖ қызметін 13,5 млн-нан астам жолаушы пайдаланады.

Барлық жаңалықтар