00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Маңғыстауда есірткінің әсерін күшейтетін дәрілер рецептсіз сатылған

04.03.2024 | 09:16
64
Фото: дереккөзден

«Тропикамид» дәрілік заттарын ірі көлемде (45 мыңнан астам қаптама, бұл облыс бойынша сатып алудың 55%  көлемін құрайды) рецептсіз сату деректері анықталды. Тропикамид - адам өмірі мен денсаулығына зиянды әсер ететін, есірткіні қолданудың әсерін күшейтетін, нашақорларға негізгі заттың дозасын үнемдеуге немесе күшті эйфориялық реакция алуға мүмкіндік беретін препарат.

Осыған орай, облыс прокуратурасының үйлестіруімен Маңғыстау облысы бойынша медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті дәріхананың қызметіне тексеріс жүргізді. Тексеріс нәтижесімен дәріхананың иесі ӘҚБтК-нің 464-бабының 1-бөлігі (лицензиялау нормаларын бұзу) және 426-бабының 1, 3-бөліктерімен (фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу) әкімшілік жауапқа тартылды, - деп хабарлады Маңғыстау облысының прокуратурасы.

Барлық жаңалықтар