00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Ұлттық статистика бюросы қазақстандықтарды сақ болуға шақырды

16.10.2023 | 02:30
56
Фото: ашық дереккөз

Ұлттық статистика бюросы баршаға қолжетімді мәліметтерді сатып жүрген адамдардан сақ болуға шақырды, деп хабарлады Elorda.info.

Назар аударыңыз, Ұлттық статистика бюросы stat.gov.kz ресми сайтында еркін қолжетімді деректерді саудалап жүрген TikTok пайдаланушыларының қызметтерін пайдаланбауды сұрайды. 

Әлеуметтік желіде тікелей эфир барысында ақшалай сыйақы үшін "Мен сияқты қанша адам бар" сервисіндегі деректерді хабарлау танымал болып келеді, - делінген ресми сайтта жарияланған хабарламада. 

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, эфирді ұйымдастырушы төлем жасау үшін өзінің деректерін көрсетеді, ниет білдіргендер төлем жасаған кезде Қазақстан бойынша қанша аттасы бар екенін білу үшін есімдерін жазады. 

Мұндай қызметпен айналысатындар өз әрекеттері үшін жауапқа тартылуы мүмкін екенін ескертеміз, - деп қосты Ұлттық статистика бюросының өкілдері. 

Барлық жаңалықтар