00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Ұлттық ұланының 700-ден астам сарбазы ант қабылдады

08.01.2024 | 07:00
51
фото: polisa.kz

6 қаңтарда Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімінің күзгі әскерге шақыру мерзімді қызметінің жас сарбаздары үшін маңызды күн болды. Атап айтқанда, елордалық жедел бригада аумағында әскерге шақырылушы жас сарбаздар ант қабылдады, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жас сарбаздар Қазақстанның барлық өңірінен мерзімді қызмет өткеру үшін келіп, жас жауынгер курсынан өтті. Олар Отан қорғаушылармен бірге қызмет ету үшін салтанатты түрде ант қабылдады. 

Жыл сайын Ұлттық ұлан қатарына республиканың түкпір-түкпірінен Отан алдындағы борышын өтеу үшін жас жігіттер шақырылады. Бұл оларға азаматтарымыздың құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғау бойынша жоғары жауапкершілік жүктейді.

Әскери қалашықтағы карантиндік іс-шараларға байланысты әскери ант беру ата-аналарының қатысуынсыз онлайн-режимде жүргізілді. Сонымен қатар саптық алаңда Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары Бауыржан Әбжанов пен Нұраауданы әкімінің орынбасары Әлия Әбсеметова жеке құрам алдында сөз сөйледі. 

Әрбір жауынгер үшін әскери ант өмірдің бұзылмайтын Заңы, одан ешқандай шегініс болмайды. Ант қабылдай отырып, әскери қызметші Қазақстан халқына және оның заңды түрде сайланған Президентіне адал болуға, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қасиетті сақтауға, өзіне жүктелген міндеттерді сөзсіз орындауға, әскери қызметтің ауыртпалықтарына табандылықпен төзуге міндеттеледі, – деп атап өтті Бауыржан Әбжанов. 

Жас сарбаздардың бірі – қатардағы жауынгер Арслан Тәңіберген Шымкент қаласынан шақырылды. Ол өз командирлері мен әріптестерінің алдында өнер көрсету құрметіне ие болды.

Біз берген антымызға адал боламыз! Елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бар күшімізді саламыз. Елордада қызмет өткеру құрметіне ие болдық. Біз алдымызға қойған барлық міндетті орындауға және сол арқылы мемлекеттің игілігіне өз үлесімізді қосуға уәде береміз, – деді жас сарбаз.

Туыстары мен жақындары үшін әскери ант қабылдау әлеуметтік желілерде онлайн-трансляция режимінде жүргізілді. Тікелей эфир әр взвод үшін бөлек ұйымдастырылды, яғни ешкім назардан тыс қалмады және барлық ата-ана ұлдарының ант қабылдауын бақылай алды. Әскери рәсімді эфирге шығару аяқталғаннан кейін 5573 әскери бөлімінің командирі Аян Есжанов және оның орынбасарлары тікелей эфирдегі бағыттар бойынша әскерге шақырылушылардың ата-аналарының барлық сұрағына жауап берді. Өз кезегінде жас сарбаздардың туыстары мен таныстары өздерінің құттықтаулары мен ізгі тілектерін Instagram-дағы ресми парақшаға жазды.

Естеріңізге сала кетейік, 5573 әскери бөлімінің жеке құрамы елорданың қоғамдық-саяси, спорттық, мәдени іс-шараларына, сондай-ақ Астанада қоғамдық тәртіпті сақтауға белсенді қатысады. 

Ант берген сарбаздар жақын арада елорда көшелерінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындауға кіріседі.

Барлық жаңалықтар