00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Ұлттық ұланның 5 әскери қызметшісі сотталды

14.02.2024 | 09:53
35
Фото: дереккөзден

2019-2022 жылдар аралығында әскери қызметші Д., У., С. және Е. өздерінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, материалдық жағдайын жақсарту үшін әскери бөлімнің жанар-жағар майын жымқырған. Мемлекетке келтірілген шығын 448 млн теңгеден асты. 

Олар ұрланған отынды жеке тұлғаларға сатып келген. 

«Сотталушы А. қызметіне салғырт қарағандықтан, әскери бөлімнің жанар-жағар майына бақылау болмаған. Соның салдарынан мемлекетке материалдық залал келтірілді», - деді Әскери сот. 

Сот үкімімен Д., У., С., Е. аса ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін жымқырғандары үшін кінәлі деп танылып, оларға 9 жылдан 10 жылға дейін бас бостандықтарынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Ал А. есімді азамат 2 жыл 6 айға сотталды. Сотталғандар материалдық залалды өндірді. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Барлық жаңалықтар