00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Ұлттық ұлан жауынгерлері есірткі жасырушыларды ұстады

09.04.2023 | 15:00
60

Ұлттық ұлан жауынгерлері есірткі жасырушыларды ұстады, деп хабарлады Elorda.info.

8 сәуір сағат 17.30 шамасында Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінен бөлінген жасақ екі есірткі жасырушыны қолға түсірді. Әскери жасақ бастығы қатардағы Құрақбай Қайназар және патрульшілер қатардағы Бақытбек Жаңабаев пен Нұржан Мамыт   Президент саябағында  қызмет ету барысында 2 азаматты байқайды.Олар  қорыстар арасынан  бір заттарды іздеп жатады. 

 Олар бізге күдікті ретінде көрінді. Біз тез арада қастарына жақындадық. Екі азамат орындарынан қозғалмай тұрып қалды. Сол жерден жасырылған зат шықты, - дейді қатардағы Құрақбай Қайназар.

Оқиға орнына жедел-тергеу штабы келді. Олар күдіктілерді  ұстады. Сондай-ақ олардан 7-10 грамм гашиш тәркіленді.

Барлық жаңалықтар