00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Ұлттық банк 650 мың теңге жалған ақшаны тәркіледі

06.02.2024 | 15:02
42
Фото: дереккөзден

Оның 179-ы – банкнота, екеуі – монета. Бұл көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда 53,7%-ға аз. 

Ұлттық банк мәліметінше, көбінесе 5 мың теңге мен 2 мың теңге қолдан жасалады екен. Өткен жылы 68 дана 5000 теңге, 58 дана 2 000 теңге тәркіленген. 

Қолдан жасалған ақшалардың көп мөлшері Алматы қаласы мен Алматы облысында анықталды. Ол жақта 124 дана жалған ақша тәркіленді. 

«Қазақстанда жалған банкноталар көбіне компьютерлік техниканы, қарапайым түрлі-түсті принтер мен офсеттік қағаздарды қолдану арқылы жасалады. Ақшаны қолдан жасаушылар визуалды қорғаныш элементтерін мейілінше ұқсатып жасауға тырысады», - делінген хабарламада.

Барлық жаңалықтар