00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Криптовалютаны заңсыз сатумен айналысқан қарағандылық азамат ұсталды

29.11.2023 | 07:00
38
Фото: дереккөзден

ҚМА Қарағанды облысы бойынша департаменті криптобиржа арқылы электрондық цифрлық активтер айналымымен заңсыз айналысқан азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

Қаржы мониторинг агенттігінің мәліметінше, 2020 жылдың басынан 2023 жылдың ақпанына дейін күдіктінің цифрлық әмиянына 205 мың АҚШ доллары немесе 95 млн теңге криптовалюта түскен. 

«Күдікті тұлға «BINANCE» биржасында сатып алушылардың крипто әмияндарына оның ұлының крипто-әмияндарынан аударымдар арқылы криптовалютаны сатуды жүзеге асыратыны анықталды. АХҚО ақпаратына сәйкес, аталған тұлғалардың ешқайсысында заңды тұлға ретінде айырбастау операцияларын жүзеге асыруға лицензиялар болмаған», - деді ведомствоның баспасөз қызметі. 

ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды. 

Барлық жаңалықтар