00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

«Қорғас» аумағында казино мен жезөкшелер притоны анықталды

05.04.2024 | 09:50
Елорда ақпарат
45
«Қорғас» аумағында шетелдіктер казино мен жезөкшелер притонын ұйымдастырған
Фото: видеодан скрин

«Қорғас» ШЫХО Қазақстан жағынан жасырын жұмыс істеген 6 казино мен жезөкшелер ошағы жойылды, деп хабарлады Elorda.info Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

6 заңсыз ойын бизнесін және бір жезөкшелер ошағын ҚХР азаматтары ұйымдастырған. Аталған орындарды Қаржы мониторингі агенттігі Жетісу облысы бойынша департаменті облыстық прокуратурасымен, Ұлттық қауіпсіздік департаментімен, облыстық полициямен және шекара қызметімен бірлесе отырып жойды.

Астыртын ойын мекемелері түнгі уақытта Қытай азаматтары үшін ғана жұмыс істеді. Тінту нәтижесінде 4 коммерциялық ғимаратта 76 ойын автоматы, 43 ойын үстелі, құмар ойындарын ұйымдастыруға қажетті көптеген техникалық құрал-жабдықтар, сондай-ақ 60 мың юаньнан астам ақшалай қаражат табылып тәркіленді, - делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіндегі өзге де мәліметтер жарияланбайды.

Барлық жаңалықтар