Қазірдің өзінде 27 орман өрті тіркелді – министрлік
![](/img/watch-gray.png)
![Қазірдің өзінде 27 орман өрті тіркелді – министрлік](/img/articles/b92834d68bd7f61af32c5f300a4b6f86.jpg)
Бүгін Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Үкімет отырысында өрт қауіпті кезеңге дайындық мәселесі жөнінде баяндады, деп хабарлады Elorda.info.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, өрт қауіпті кезеңде халықтың және ел аумағының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кешенді шаралар қабылданып жатыр.
Болжам бойынша, жаз ыстық болады, табиғи өрттердің болу қаупі жоғары. Қазірдің өзінде, елімізде 27 орман өрті және 122 дала жануы тіркелді.
«Өңірлерде өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық іс-шаралар жалғасуда. Орманды дала алқаптары мен демалыс орындарында мобильді топтар рейдтер жүргізіп, нәтижесінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін 630 адамға айыппұл салынды», - делінген хабарламада.
Табиғи өрттерге ден қою алгоритмін практикалық пысықтау үшін өткен жылы «Ормандала-2023» оқу-жаттығуы өткізілді. Биыл 15-16 мамырда еліміздің барлық өңірлерінде «Өрт-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өтті. Оқу-жаттығуды үйлестіру жөніндегі республикалық штаб Абай облысының «Семей Орманы МОТР» РММ Бородулиха филиалының аумағында орналасқан. Оқу-жаттығу шеңберінде екі күн ішінде барлық өңірлерде профилактикалық іс-шаралар кешені, сондай-ақ азаматтық қорғау қызметтерімен және құралымдарымен практикалық іс-қимылдар жүргізіледі.
Барлық өңірлерде орман шаруашылығы мекемелерімен 53 өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. Министрліктің оқу орталықтарында орман күзетінің 1 300 жұмысшысы оқыды.
«Әр өңірде ірі өрттермен күресу үшін жалпы саны республика бойынша шамамен 50 мың адам және 10 мыңнан астам техникадан тұратын күштер мен құралдар топтамасы дайындалды. Қазавиақұтқару авиациясының 19 борты тұрақты дайындық режимінде тұр, оның 9-ы су төгетін құрылғылармен жабдықталған. Аэровизуалды барлау үшін 120 ұшқышсыз ұшу аппараты бар», - деді ведомствоның баспасөз қызметі.
![](/img/articles/cedba5704ea3c77b33a4adf2bff60ba8.jpg)
![](/img/articles/d4c3c8a90597448c1bb78ee6b9115b36.jpg)
![](/img/articles/f34e1dcbe692671b0f50a4086cb94c49.jpeg)
![](/img/articles/fb613fec42f7e3c43f8eb5736fb6dca0.jpg)
![Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының бірыңғай платформасы құрылады](/img/articles/cedba5704ea3c77b33a4adf2bff60ba8.jpg)
![Астанада қарсы бағытқа шыққан көлік иесі жүргізуші куәлігінен айырылды](/img/articles/d4c3c8a90597448c1bb78ee6b9115b36.jpg)
![Елордалық ТЖД тұрғындарға ескерту жасады](/img/articles/f34e1dcbe692671b0f50a4086cb94c49.jpeg)
![Жазғы Олимпиадада ең алғашқы жүлдені кім алған](/img/articles/fb613fec42f7e3c43f8eb5736fb6dca0.jpg)
![Полиция автокөліктен ұрлық жасаған астаналық әйелді ұстады](/img/articles/fb7c660027db55073416ce8f8fddeaa7.jpeg)
![Астанада тағы бір учаске уақытша жабылады](/img/articles/f06cdc82a936a99e2de07cc1c837a6e4.jpg)
![Алимент төлемеген 9 борышкер бас бостандығынан айырылды](/img/articles/ac45cd944d5ecf90c51c7cee1131da0f.png)
![Олжас Бектенов Семей қаласы Бас жоспарының жаңа жобасымен танысты](/img/articles/afdd3beb29af4c7fb6fbe0fef7edc1f1.jpg)
![Алаяқтар Қаржылық мониторинг агенттігі қызметкерлерінің атынан жалған хабарлама жіберіп жатыр](/img/articles/4fdfbec113af5c3f2464055cedb1c15c.jpg)
![8 жылда алғаш рет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы төмендеді](/img/articles/ddcc0b1f5933e861527fbe20897190f5.jpg)
![Су тасқыны: Ақмола облысында 113 адам эвакуацияланды](/img/articles/fe6d38141ce3660cb2cb084398c0d769.jpg)
![Қазақстандағы ең танымал есімдер](/img/articles/uploads/bala_8d46179d13.webp)
![Астаналық тұрғын көршісінің атына заңсыз 6 несие рәсімдеген](/img/articles/7f2fa721c487e8ee864514d71e6d11a6.jpg)
![Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады](/img/articles/61df077879b5ccfe7211fe605ae9f562.jpg)
![Бітімгершілік миссия мүшесі: Соғыс көрген мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу тиімді](/img/articles/b0e02ccbb546bc846e9d50c0e56d762d.jpg)
![Ұлттық музейге «Тайқазанның» көшірмесі қойылады](/img/articles/d693d977b9a549601c5dc98a9a31a409.jpeg)
![Ұлу жылы туралы не білеміз?](/img/articles/uploads/image_l_jpg_7ce868bf3e.webp)
![Құрбан айт адамның пейілі саудаға салынатын күн – Нұрлан имам](/img/articles/c3509e22a59576a15d13c5bf351df19c.jpg)
![Енді жол сапасын халық бақылайды](/img/articles/8d2fb20fedc16e5ad3f37870e248799e.jpeg)
![Ажырасу деңгейі ең жоғары 13 ел](/img/articles/uploads/620e36a23fe3f405222377_6d51532236.jpg)