00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Қазақстан мен Корея арасында әуе қатынасы қалпына келтіріледі

29.04.2024 | 15:39
111
Қазақстан мен Корея арасында әуе қатынасы қалпына келтіріледі
Фото: ашық дереккөз

Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті тұрақты негізде ұшу географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын ұлғайту бойынша жұмыс жүргізуде, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстан мен Корея авиациялық билік орындары арасындағы келіссөздер қорытындысы бойынша уағдаластықтар шеңберінде биыл ақпан және наурыз айларында Алматы және Сеул қалаларына йуе рестерін жолға қойылды. Енді 15 маусымнан бастап  Астана – Сеул бағыты бойынша екі елдің астаналары арасында әуе қатынасы қайта басталады.  Рейстерді «Эйр Астана» әуе компаниясы орындайды.

Рейстер сыйымдылығы 166 орындық «Эйрбас-А321LR» үлгісіндегі әуе кемелерінде аптасына 2 рет (сәрсенбі және сенбі күндері) орындалатын болады.

​Әуе қатынасы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді. 

Барлық жаңалықтар