«Қарызсыз қоғамның» берері көп деп санаймын — жобаға қатысушы
![](/img/watch-gray.png)
![«Қарызсыз қоғамның» берері көп деп санаймын — жобаға қатысушы](/img/articles/6ba09ff133811d2bba4942223f1d4550.jpg)
Елордада халықтың қаржылық сауатын арттыруға бағытталған "Қарызсыз қоғам" жобасы жалғасып жатыр. Жыл соңына дейін 9 мың астаналық жобаға қатысады деп жоспарланған. Elorda.info тілшісі қаржы саласының мамандарынан кеңес алып, білімімді арттырамын деп курсқа келген қала тұрғынымен тілдесті.
«Қарызсыз қоғам» жобасы биыл ақпан айында басталған. Қазір елордада 5 сарапшы қаржылық сауат арттыру курсын өткізіп жатыр.
Бұл жобаға кез келген азамат тегін қатысып, банк немесе шағын қаржы ұйымдарымен жасалған келісімшарт, несие, инвестиция, қаржылық құралдар мен басқа да тақырыптар бойынша ақпарат ала алады.
Айтан Молдахметов «Қарызсыз қоғам» жобасы туралы әріптестерінен естіп, курсқа жазылған. 4 баланың әкесі болашақта несие алып жатсам қандай жағдайларға мән беру керек екенін және қарыздарды тезірек өтеудің жолын білгім келеді дейді.
«Есеп-қисапқа аса мән бермегеннен, кейде қолда бар ақшаны дұрыс жұмсап, яғни жоспарлай алмағаннан болар осы уақытқа дейін көп несие алдым. Қазір ойлап қарасам кейбір қарызды еш ойланбастап, ұсақ-түйек дүниелерге бола алған екенмін. Ай сайынғы төлем жалақымның жартысынан асып кететін кездер де болған. Әйтеуір мерзімін өткізіп алмай, уақытында төлеп тұрдым. Соның нәтижесінде несие тарихым «таза». Бірақ несие алар кезде неге мән беру керек, оның пайыздарын есептеу жолы, келісімшартта мән беретін тұстар жайлы аса білмеймін. Сол үшін қаржылық сауатымды арттырып, білмегенімді үйренемін деп курсқа келдім. Менің ойымша бұл жобаның берері көп», - деді ол.
Көпбалалы әке несие мен қарыздардың көбі отбасының, балаларының қажеттілігін өтеу үшін алынғанын айтты.
Сонымен қатар ол қарыздарын тезірек жабу үшін қосымша жұмыс істеуден қашпаймын дейді.
«Ер адам болған соң отбасын асыру біздің міндетіміз. Үйде босқа жатпаймыз, табыс табу үшін қолымнан келген жұмысты істеуге дайынмын. Оған ұялып, арланбаймын. Таза еңбекпен ақша тапсам болды. Соның арқасында кейбір несиелерді мерзімінен бұрын өтедім. Қазір ай сайын төлейтін несием 100 мың теңгеден асады. Бізге курс өткізіп жатқан менторға жеке жолығып, банкпен жасалған келісімшартты көрсетіп, кеңес алдым», - деді А. Молдахметов.
Жоба сарапшысы Рауан Ерғалиевтың айтуынша, «Қарызсыз қоғамға» қатысушылардың дені несие және қарыз мәселесімен келеді екен. Оларға курс аясында несиенің түрлері мен үстемеақысын түсіндірумен қатар, бір жыл бойы заңгерлер көмек көрсетеді.
Естеріңізге саламыз, «AMANAT» партиясының қолдауымен «Қарызсыз қоғам» жобасы қолға алынды. Былтыр алғаш рет 9 өңірде ұйымдастырылған курстың тиімділігі мен нәтижелігі ескеріліп, осы жылдан бастап барлық өңірлерде өткізіліп жатыр. Курс қазақ және орыс тілдерінде өтеді, оның ұзақтығы 5 күн.
![](/img/articles/cedba5704ea3c77b33a4adf2bff60ba8.jpg)
![](/img/articles/d4c3c8a90597448c1bb78ee6b9115b36.jpg)
![](/img/articles/f34e1dcbe692671b0f50a4086cb94c49.jpeg)
![](/img/articles/fb613fec42f7e3c43f8eb5736fb6dca0.jpg)
![Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының бірыңғай платформасы құрылады](/img/articles/cedba5704ea3c77b33a4adf2bff60ba8.jpg)
![Астанада қарсы бағытқа шыққан көлік иесі жүргізуші куәлігінен айырылды](/img/articles/d4c3c8a90597448c1bb78ee6b9115b36.jpg)
![Елордалық ТЖД тұрғындарға ескерту жасады](/img/articles/f34e1dcbe692671b0f50a4086cb94c49.jpeg)
![Жазғы Олимпиадада ең алғашқы жүлдені кім алған](/img/articles/fb613fec42f7e3c43f8eb5736fb6dca0.jpg)
![Полиция автокөліктен ұрлық жасаған астаналық әйелді ұстады](/img/articles/fb7c660027db55073416ce8f8fddeaa7.jpeg)
![Астанада тағы бір учаске уақытша жабылады](/img/articles/f06cdc82a936a99e2de07cc1c837a6e4.jpg)
![Алимент төлемеген 9 борышкер бас бостандығынан айырылды](/img/articles/ac45cd944d5ecf90c51c7cee1131da0f.png)
![Олжас Бектенов Семей қаласы Бас жоспарының жаңа жобасымен танысты](/img/articles/afdd3beb29af4c7fb6fbe0fef7edc1f1.jpg)
![Алаяқтар Қаржылық мониторинг агенттігі қызметкерлерінің атынан жалған хабарлама жіберіп жатыр](/img/articles/4fdfbec113af5c3f2464055cedb1c15c.jpg)
![8 жылда алғаш рет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы төмендеді](/img/articles/ddcc0b1f5933e861527fbe20897190f5.jpg)
![Су тасқыны: Ақмола облысында 113 адам эвакуацияланды](/img/articles/fe6d38141ce3660cb2cb084398c0d769.jpg)
![Қазақстандағы ең танымал есімдер](/img/articles/uploads/bala_8d46179d13.webp)
![Астаналық тұрғын көршісінің атына заңсыз 6 несие рәсімдеген](/img/articles/7f2fa721c487e8ee864514d71e6d11a6.jpg)
![Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады](/img/articles/61df077879b5ccfe7211fe605ae9f562.jpg)
![Бітімгершілік миссия мүшесі: Соғыс көрген мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу тиімді](/img/articles/b0e02ccbb546bc846e9d50c0e56d762d.jpg)
![Ұлттық музейге «Тайқазанның» көшірмесі қойылады](/img/articles/d693d977b9a549601c5dc98a9a31a409.jpeg)
![Ұлу жылы туралы не білеміз?](/img/articles/uploads/image_l_jpg_7ce868bf3e.webp)
![Құрбан айт адамның пейілі саудаға салынатын күн – Нұрлан имам](/img/articles/c3509e22a59576a15d13c5bf351df19c.jpg)
![Енді жол сапасын халық бақылайды](/img/articles/8d2fb20fedc16e5ad3f37870e248799e.jpeg)
![Ажырасу деңгейі ең жоғары 13 ел](/img/articles/uploads/620e36a23fe3f405222377_6d51532236.jpg)