00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Интернеттегі қауіпсіздікті қалай сақтауға болады?

20.11.2023 | 16:00
57
Фото: ҚР Ішкі істер министрлігі

Полиция баланы экранның арғы жағындағы ниеті түзу емес адамдардан қорғауға көмектесетін интернеттегі қауіпсіздіктің қарапайым ережелерін ұсынды, деп хабарлады Elorda.info.

ҚР Ішкі істер министрлігі полиция әзірлеген мына ұсыныстарды қаперге береді:

-Ата-ана кәмелетке толмаған баланың интернеттегі қызығушылықтарын мүмкіндігінше бақылап отыру керек.

-Жеке деректеріңізді бөгде адамдарға айтпаңыз. Таныс емес тұлғалардан түсетін достықты қабылдамаңыз, олардың нұсқауларын орындамаңыз.

-Балаларға ешбір жағдайда желінің басқа пайдаланушыларына өздерінің дербес деректерін, яғни аты-жөнін, тегін, туған күнін, тұрғылықты мекенжайын, оқу орнын, телефонын, фотосуреттерін және т.б. ақпаратты айтуға болмайтынын түсіндіру қажет.

-Бұдан бөлек, әлеуметтік желі қолданушылары сенімге кіру үшін ойдан шығарылған деректерді, соның ішінде басқа адамдардың немесе тіпті балалардың фотосуреттерін пайдаланатын кездер болады. Осыған байланысты белгісіз адамдардан достықты қабылдамау және олардың бұйрықтары мен нұсқауларын орындамау ұсынылады. Ең дұрысы –  сұхбаттасып жатқан адамның парақшасын бұғаттау.

-Интернет қолданушылар тарапынан түскен қауіптен қорықпаңыз. Қашықтан қол жеткізу бағдарламаларын орнатпаңыз.

-Қашықтан қол жеткізуге арналған бағдарламаларды орнатпау керек. Бұндай қосымшаларды орнатпас бұрын, ол туралы интернетте оқып, оның не үшін қажет екенін біліп алу керек.

-Ата-аналар баланы интернеттегі қауіпсіздіктің негізгі ережелері туралы хабардар еткені дұрыс, сондай-ақ оны бөгде адамдар мен қажетсіз контенттен қорғауға көмектесетін ата-ана бақылауы, қауіпсіз іздеу сияқты параметрлерді қолданған абзал.

Интернет-пайдаланушылар сізге қоқан-лоққы көрсетсе, уайымдамаңыз. Олар сізге де, жақындарыңызға да ештеңе істей алмайды. Олар әдетте балаларды бақылауға алу үшін қорқытады. Бірінші қауіп төнген кезде балалар бұл туралы ата-анасына, әпке-бауырларына, мұғаліміне және т.б дереу ұялмай, айту керек, – деп атап жазылған ведомстволық мәліметте.

Барлық жаңалықтар