00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Елордалықтар темекі мен вейп өнімдерін спорттық тауарларға айырбастады

25.04.2024 | 17:03
96
Елордалықтар темекі мен вейп өнімдерін спорттық тауарларға айырбастады

Астанада нашақорлықтың таралуына қарсы «Тәуелділікті спортқа айырбаста» акциясы кезекті рет өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Іс-шара елорданың Алматы ауданы әкімдігінің, қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасы, Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы және Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды.

Акция аясында астаналық спортшылар қала тұрғындарына электронды темекіні спорттық құрал-жабдықтарға айырбастауды ұсынды. Солардың қатарында елорданың Жастар мәслихатының депутаты, қазақстандық спортшылар одағының мүшесі Нариман Секен болды.

Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен қоғамдық маңызы зор акция өткізілді. Оның аясында біз темекі және вейп шегетін жастарға қолдарындағы зиянды заттарды бокс қолғабына, теннис жиынтықтарына, басқа да жабдықтарға айырбастауды ұсындық. Осылайша, біз елордалықтарды салауатты өмір салтына шақыра отырып, дені сау ұрпақ қалыптастыруға атсалысамыз» деді спортшы.

Іс-шараның ұйымдастырушылары тарапы ретінде «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының NEET санатындағы жастармен жұмыс бөлімінің маманы Сұлтан Өмірғалиев мұндай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтіп, жастарды спортпен айналысуға шақырды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында есірткі мен қазақстандықтардың денсаулығына зиянды басқа да заттардың зияны туралы айтты. Соның негізінде бірқатар кешенді жұмыстар жүргізілуде. Осы акция арқылы біз жастарды спортпен шұғылдану, денсаулықтарына көңіл бөлу керегін көрсетіп, дұрыс жолға салғымыз келеді, -  деді маман.

 

ИНДИРА Бержанова

Барлық жаңалықтар