Елордалық имамдар «Таза Қазақстан» акциясын қолдады
![Елордалық имамдар «Таза Қазақстан» акциясын қолдады](/img/articles/eaea55e778ad1ef9d4003f2df074787d.jpg)
Астана қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан: Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» экоакциясы аясында қалалық зират аймағында сенбілік өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Тазалық жұмысына Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Қайролла Көшқалиев, Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов, Діндерді зерттеу орталығының директоры Алмас Ерназаров пен орталық қызметкерлері және мешіт жамағаты қатысты.
Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Қайролла Көшқалиевтің сөзінше, акцияға 50-ге жуық адам қатысып жатыр.
Бүгін Мемлекет басшысы жариялаған «Таза Қазақстан» акциясы аясында Дін істері жөніндегі басқарма, Діни бірлестіктер мен Діндерді зерттеу орталығының қызметкерлері бірге акцияға ат салысып жатыр. Бүгін қалалық зират айналасын қоқыстан, әсіресе құрылыс қалдықтарынан тазалап жатырмыз. Жалпы шараға 50-ге жуық жамағат қатысып жатыр,- дейді Қайролла Көшқалиев.
Тазалық жұмысы алдымен құран бағыштаудан басталды. Әрі қарай акцияға қатысушылар аумақта тазалық жұмысын жүргізді.
Елімізде «Таза Қазақстан» акциясы аясында көп игі іс жасалып жатыр. Бүгін мешіт имамдары мен шәкірттері орталық зиратқа келіп, сауапты іс жасауда. Жалпы имани тәрбиеге мән беретін болсақ, тазалық- иманан деп айтамыз. Кешегі бабаларымыз үйінің жан-жағын тазалап, әрқашан көктем-жазға дайындық жүргізген. Сондықтан ең бастысы тазалық ұстану керек. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын,- дейді Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов.
![](/img/articles/cedba5704ea3c77b33a4adf2bff60ba8.jpg)
![](/img/articles/d4c3c8a90597448c1bb78ee6b9115b36.jpg)
![](/img/articles/f34e1dcbe692671b0f50a4086cb94c49.jpeg)
![](/img/articles/fb613fec42f7e3c43f8eb5736fb6dca0.jpg)
![Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының бірыңғай платформасы құрылады](/img/articles/cedba5704ea3c77b33a4adf2bff60ba8.jpg)
![Астанада қарсы бағытқа шыққан көлік иесі жүргізуші куәлігінен айырылды](/img/articles/d4c3c8a90597448c1bb78ee6b9115b36.jpg)
![Елордалық ТЖД тұрғындарға ескерту жасады](/img/articles/f34e1dcbe692671b0f50a4086cb94c49.jpeg)
![Жазғы Олимпиадада ең алғашқы жүлдені кім алған](/img/articles/fb613fec42f7e3c43f8eb5736fb6dca0.jpg)
![Полиция автокөліктен ұрлық жасаған астаналық әйелді ұстады](/img/articles/fb7c660027db55073416ce8f8fddeaa7.jpeg)
![Астанада тағы бір учаске уақытша жабылады](/img/articles/f06cdc82a936a99e2de07cc1c837a6e4.jpg)
![Алимент төлемеген 9 борышкер бас бостандығынан айырылды](/img/articles/ac45cd944d5ecf90c51c7cee1131da0f.png)
![Олжас Бектенов Семей қаласы Бас жоспарының жаңа жобасымен танысты](/img/articles/afdd3beb29af4c7fb6fbe0fef7edc1f1.jpg)
![Алаяқтар Қаржылық мониторинг агенттігі қызметкерлерінің атынан жалған хабарлама жіберіп жатыр](/img/articles/4fdfbec113af5c3f2464055cedb1c15c.jpg)
![8 жылда алғаш рет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы төмендеді](/img/articles/ddcc0b1f5933e861527fbe20897190f5.jpg)
![Су тасқыны: Ақмола облысында 113 адам эвакуацияланды](/img/articles/fe6d38141ce3660cb2cb084398c0d769.jpg)
![Қазақстандағы ең танымал есімдер](/img/articles/uploads/bala_8d46179d13.webp)
![Астаналық тұрғын көршісінің атына заңсыз 6 несие рәсімдеген](/img/articles/7f2fa721c487e8ee864514d71e6d11a6.jpg)
![Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады](/img/articles/61df077879b5ccfe7211fe605ae9f562.jpg)
![Бітімгершілік миссия мүшесі: Соғыс көрген мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу тиімді](/img/articles/b0e02ccbb546bc846e9d50c0e56d762d.jpg)
![Ұлттық музейге «Тайқазанның» көшірмесі қойылады](/img/articles/d693d977b9a549601c5dc98a9a31a409.jpeg)
![Ұлу жылы туралы не білеміз?](/img/articles/uploads/image_l_jpg_7ce868bf3e.webp)
![Құрбан айт адамның пейілі саудаға салынатын күн – Нұрлан имам](/img/articles/c3509e22a59576a15d13c5bf351df19c.jpg)
![Енді жол сапасын халық бақылайды](/img/articles/8d2fb20fedc16e5ad3f37870e248799e.jpeg)
![Ажырасу деңгейі ең жоғары 13 ел](/img/articles/uploads/620e36a23fe3f405222377_6d51532236.jpg)