00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Елордада «Тоқта, вандал» акциясы жалғасып жатыр

Елордада «Тоқта, вандал» атты акция өтті
Фото: Василий Крась

«Астана жастары» жастар ресурстық орталығы вандализмге қарсы акция ұйымдастырды, деп хабарлады Elorda.info.

Оларға Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасы қолдау көрсетті.

Акцияның негізгі мақсаты – қоғамдық мүліктің бүлінуіне жол бермеу, сондай-ақ азаматтардың санасы мен жауапкершілігін арттыру.

Іс-шараға Алматы ауданы әкімдігінің аппараты, Жергілікті полиция қызметі басқармасы, Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, Үкіметтік емес ұйымдар өкілдері де атсалысты.

«Тоқта, вандал» атты акция 2021 жылдан бастау алды. Біз қаладағы ғимараттардың қабырғаларына елордамыздың сәнін кетіріп, бей-берекет жазылған суреттер мен жазуларды өшіреміз. Онда наркотикалық өнімдерге сілтеме, сайттар көрсетілген болуы мүмкін. Міне, вандализммен күресе отырып, нашақорлықтың да алдын алуға көмектесеміз. Бұндай нәрселер көбіне ғимараттардың қабырғаларына, аялдамаларға, орындықтарға жазылады. Вандализм бұл қоғамдық мүлікке зиян тигізіп қана қоймайды, сонымен қатар тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығына қауіп төндіреді. Біз бұған немқұрайлы қарамауымыз керек, - деді волонтер Илья Жақсылық.

Айта кетейік, астаналық жастар вейпке қарсы акция да ұйымдастыруда. Сөйтіп, олар жастардың жаман әдеттен арылып, керісінше спортқа ұмтылуына өз үлестерін қосып жатыр.

Барлық жаңалықтар