Астанада Мәңгілік ел даңғылында жаңа көшеттер отырғызылды
![Астанада Мәңгілік ел даңғылында жаңа көшеттер отырғызылды](/img/articles/ba6d2cd83ee3237fa1aacf01a5d3d7fb.jpg)
Бүгін Астанадағы Мәңгілік ел даңғылы бойында ағаштар отырғызылды, деп хабарлады Elorda.info.
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында және Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған іс-шараға Астана қаласының әкімдігі мен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі атсалысты.
Акцияға 60-тан астам мәдениет қайраткері, зиялы қауым өкілдері және танымал әртістер қатысты.
Мәдениет және өнер қызметкерлері кәсіби мерекесіне орай Мәңгілік ел даңғылы бойына 50 көшет отырғызылды. Бұған дейін де экоакция аясында қаламыздағы мәдени мекемелер маңында, ескерткіштер аумағында, басқа да аудандарда тазалық акциялары ұйымдастырылған болатын. Осындай іс-шаралар жиі өткізіліп тұруы керек деп есептеймін. Өйткені мұндай акциялар арқылы жас буынға үлгі-өнеге көрсетеміз. Сондай-ақ тұрғындардың экологиялық мәдениетін көтереміз, қоршаған ортаға деген оң көзқарасын қалыптастырамыз, - деді Астана қаласы Мәдениет басқармасы басшының орынбасары Нұран Хамзин.
Танымал кино және театр әртістері мен әншілер іс-шараның маңыздылығына тоқталды.
Бүгін – ерекше мереке. Кәсіби мереке күні ағаш егу, қаланың тазалығын сақтауға атсалысу мәдениеттің үлгісі деп санаймын. Мінеки, бүгін экоакцияға қатысып, еліміздің және елордамыздың көркіне көрік қосып жатырмыз. Айналамызда ағаштардың жайқалып өсуі - экологиямызға қосқан үлкен үлес болмақ, - деді Астаналық цирк МКҚК директоры Ерік Жолжақсынов.
Айта кетейік, «Таза Қазақстан» акциясы әлі де жалғасып табады.
![](/img/articles/cedba5704ea3c77b33a4adf2bff60ba8.jpg)
![](/img/articles/d4c3c8a90597448c1bb78ee6b9115b36.jpg)
![](/img/articles/f34e1dcbe692671b0f50a4086cb94c49.jpeg)
![](/img/articles/fb613fec42f7e3c43f8eb5736fb6dca0.jpg)
![Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының бірыңғай платформасы құрылады](/img/articles/cedba5704ea3c77b33a4adf2bff60ba8.jpg)
![Астанада қарсы бағытқа шыққан көлік иесі жүргізуші куәлігінен айырылды](/img/articles/d4c3c8a90597448c1bb78ee6b9115b36.jpg)
![Елордалық ТЖД тұрғындарға ескерту жасады](/img/articles/f34e1dcbe692671b0f50a4086cb94c49.jpeg)
![Жазғы Олимпиадада ең алғашқы жүлдені кім алған](/img/articles/fb613fec42f7e3c43f8eb5736fb6dca0.jpg)
![Полиция автокөліктен ұрлық жасаған астаналық әйелді ұстады](/img/articles/fb7c660027db55073416ce8f8fddeaa7.jpeg)
![Астанада тағы бір учаске уақытша жабылады](/img/articles/f06cdc82a936a99e2de07cc1c837a6e4.jpg)
![Алимент төлемеген 9 борышкер бас бостандығынан айырылды](/img/articles/ac45cd944d5ecf90c51c7cee1131da0f.png)
![Олжас Бектенов Семей қаласы Бас жоспарының жаңа жобасымен танысты](/img/articles/afdd3beb29af4c7fb6fbe0fef7edc1f1.jpg)
![Алаяқтар Қаржылық мониторинг агенттігі қызметкерлерінің атынан жалған хабарлама жіберіп жатыр](/img/articles/4fdfbec113af5c3f2464055cedb1c15c.jpg)
![8 жылда алғаш рет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы төмендеді](/img/articles/ddcc0b1f5933e861527fbe20897190f5.jpg)
![Су тасқыны: Ақмола облысында 113 адам эвакуацияланды](/img/articles/fe6d38141ce3660cb2cb084398c0d769.jpg)
![Қазақстандағы ең танымал есімдер](/img/articles/uploads/bala_8d46179d13.webp)
![Астаналық тұрғын көршісінің атына заңсыз 6 несие рәсімдеген](/img/articles/7f2fa721c487e8ee864514d71e6d11a6.jpg)
![Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады](/img/articles/61df077879b5ccfe7211fe605ae9f562.jpg)
![Бітімгершілік миссия мүшесі: Соғыс көрген мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу тиімді](/img/articles/b0e02ccbb546bc846e9d50c0e56d762d.jpg)
![Ұлттық музейге «Тайқазанның» көшірмесі қойылады](/img/articles/d693d977b9a549601c5dc98a9a31a409.jpeg)
![Ұлу жылы туралы не білеміз?](/img/articles/uploads/image_l_jpg_7ce868bf3e.webp)
![Құрбан айт адамның пейілі саудаға салынатын күн – Нұрлан имам](/img/articles/c3509e22a59576a15d13c5bf351df19c.jpg)
![Енді жол сапасын халық бақылайды](/img/articles/8d2fb20fedc16e5ad3f37870e248799e.jpeg)
![Ажырасу деңгейі ең жоғары 13 ел](/img/articles/uploads/620e36a23fe3f405222377_6d51532236.jpg)