00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Елордада «Chia Tai Pharmaceutica» қаржы пирамидасының басшысына үкім шықты

20.12.2023 | 07:30
53
Фото: дереккөзден

Астанада «Chia Tai Pharmaceutica» қаржы пирамидасының басшысы 6 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады Elorda.info. 

Астана қаласы сотының хабарлауынша, сотталушы «Chia Tai Pharmaceutical» (немесе «Chia Tai Tianqing») қаржы пирамидасына қосылып, оның Астанадағы құрылымдық бөлімшесін басқарған. 

Сондай-ақ, дәрі-дәрмек пен медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіру және экспорттаумен айналысатын фармацевтикалық зауыттың қызметіне заңды түрде инвестиция тарту, қосымша зауыттар салу және тағамдық қоспаларды жақсарту деген желеумен аса ірі мөлшерде инвесторлардың қаражатын заңсыз тартқан.

Қаржы пирамидасының жұмыс істеуі өз қаражатын кейінірек инвестициялаған салымшылардың ақшасын, ертерек салған салымшылардың пайдасына қайта бөлу арқылы қамтамасыз етілген.

Ол Қазақстан Республикасының аумағында қаржылық пирамиданы жүзеге асыру және тарату мақсатында Telegram мессенджерінде чат құрып, ол арқылы инвесторларға пайдалы ақшалай салымдар түріндегі ақпаратты орналастырған. 

77 жәбірленушіге жалпы сомасы 115 миллион теңге материалдық шығын келтірілген. 

Сот үкімімен С. ҚК-нің 217-бабының 3-бөлігінің 2) тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге азаматтардың ақшалай қаражатын және инвестицияларды тартуға байланысты қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, - деді Астана қаласының соты. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Барлық жаңалықтар