00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Елордада былтыр 12 қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

11.04.2024 | 12:11
86
қаржы пирамидасы
фото: дереккөзден

Қаржы мониторингі агенттігінің Астана қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті елорда аумағында қаржы пирамидаларын анықтау және оларды жабу бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлады Elorda.info.

Ведомствоның бастамасымен интернет-ресурстарды тексеруге арналған «Байқа, пирамида» деп аталатын Telegram-бот іске қосылды. Аталған боттың көмегімен азаматтар сайттар мен әлеуметтік желілерде қаржы пирамидасының белгілерін өздері анықтай алады. Бұл тұрғындарды алаяқтарға алданып қалудан сақтайды.  

Мамандардың айтуынша, әдетте азаматтар қаржы пирамидасына өз еркімен кіреді және оның құқықтық жағы мен құжаттарын  тексеріп жатпайды.  

Былтырдың өзінде елорда аумағында заңсыз қызметпен айналысқан 12 қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылған. Олардың арасында Best Road Investment, Семейный капитал, Invest Consulting Agensy, Eden Life, MMK INVESTMENT, Finico, Qnet, Chia Thai, World Business Counsaltung, Antares, Sinsera systems, Sterling Invest, ЕOLUS бар. Тергеу амалдары барысында жүздеген салымшының ақша құйғаны анықталды. Мәселен бір ғана ЕOLUS пирамидасынан 535 салымшы зардап шеккені анықталды.  

Қаржы пирамидасына байланысты ҚР ҚК 217 бабы, 3 бөлімімен 10 қылмыстық іс сотқа жолданды. Оның ішінде 6 қылмыстық іс бойынша сот үкімі шығып, қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Қаржы мониторингі агенттігінің Астана қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті қаржы пирамидаларын анықтау бойынша тұрақты түрде жұмыс жүргізеді. Департамент азаматтарға күдік туғызатын кез келген қаржы ұйымына жинақтары мен ақшасын салмауға кеңес береді, - деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Барлық жаңалықтар