00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Еліміздің үш облысында экстремизмге қатысы бар күдіктілер ұсталды

19.04.2024 | 19:00
52
діни экстремизм
Фото: Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті

17 сәуірде Қазақстанның үш облысында елде тыйым салынған діни-экстремистік ұйымның қызметіне қатысты деген күдіктілер ұсталды, деп хабарлады Elorda.info Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.

17 сәуірде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен өзара әрекеттесе отыра, прокуратура органдарының үйлестіруімен Алматы қаласында, Алматы және Жамбыл облыстарында Қазақстанның 4 азаматын ұстады, – деп жазылған хабарламада.

Олар республика аумағында тыйым салынған діни-экстремистік ұйымның әрекетіне қатысты және ұйымдастырды деген күдікке ілінді.

Тұрғылықты жерлері бойынша тінтулер барысында көптеген діни әдебиеттер мен басқа да заттай дәлелдемелер алынды.Қылмыстық кодекстің 405-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Атап өтетін жайт, ұсталған адамдардың екеуі бұған дейін осындай қылмыс жасағаны үшін сотты болған.

Сотпен ұсталғандарға қатысты бұлтартпау шарасын қолдану сұрағы шешілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Барлық жаңалықтар