00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Еліміздің бірнеше өңірінде тұман түсіп, көктайғақ болады

22.01.2024 | 02:30
56
Фото: Оңалхан Өнерхан

Қызылорда облысында жел шығыстан соғады, облыстың орталығында, шығысында екпіні – 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында көктайғақ болады. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың батысында, орталығында бұрқасын болады. Солтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, тұман түседі.

Атырау облысының басым бөлігінде қарлы бұрқасын болады. Солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні – 15-20 м/с. 

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында екпіні секундына 15-20 метр болады.

Шымкентте түнде және таңертең тұман түседі.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман болып, шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында екпіні 15-20 м/с болады.

Алматыда кей уақытта тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында оңтүстіктен жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қостанай облысының солтүстігінде, батысында бұрқасын, тұман болады. Оңтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Ұлытау облысының солтүстігінде шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Барлық жаңалықтар