00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Елімізде теледидар мен радио бір күнге жұмысын тоқтатады

05.11.2023 | 07:30
42
фото: ашық дереккөз

Елімізде жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты бір тәулікке радио мен теледидар өшеді, деп хабарлады Elorda.info «Қазтелерадио» АҚ-ға сілтеме жасап.

Қазтелерадио хабар таратудың тоқтатылатынын ескертті. Алдын алу жұмыстарын жүргізуге байланысты 8 қарашада Астана уақыты бойынша сағат 3:00-ден 17:00-ге дейін телерадио хабарларын тарату өшіріледі.

Телерадио хабарларын үздіксіз және сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін спутниктік, цифрлық және аналогтық жерүсті желілерінің техникалық құралдарындағы қызметтерді тоқтата отырып, тоқсан сайын жоспарлы ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі, - деп түсіндірді ұлттық оператор.

Барлық жаңалықтар