00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Елімізде қанша көлік бар?

16.10.2023 | 16:00
30
Фото: Турар Казангапов ©

1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген көліктердің саны 5 085 427 болды, деп хабарлады Elorda.info Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.  Мәлімдемеде оның 4 472 375-і жеңіл көлік, 507 547-сі жүк көлігі, 105 505-і автобус екені айтылды.

Бюро мәліметінше, 1 қыркүйектегі жағдай бойынша жеңіл автокөліктердің қозғалысын қамтамасыз ету үшін жанармай ретінде бензинді – 4 180 446 көлік, дизель отынын – 364 659 көлік, электр энергиясын – 5 342 көлік қолданады.

Еске сала кетейік, 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген көліктердің саны 5 015 200 көлік болған.

Барлық жаңалықтар