00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Елімізде 24 градусқа дейін күн жылынады

16.11.2023 | 02:30
65
Фото: Оңалхан Өнерхан

«Қазгидромет» РМК 16-18 қараша аралығында ауа райы қандай болатынына болжам жасады, деп хабарлады Elorda.info.

Синоптиктердің мәліметінше, Солтүстік циклонның ықпалымен және атмосфералық фронтальды бөлімдер әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі. 18 қарашада еліміздің солтүстік-батысы мен солтүстігінде қатты жауын-шашын жаңбыр мен қар күтіледі. Бірақ қарашада жылы ауа райы сақталады.

Оңтүстік аймақтарда 16-17 қарашада жауын-шашынсыз бұлтты ауа райы және күндізгі температура 19-24 градусқа дейін жоғарылауы болжанады, ал кезеңнің соңында жаңбыр жауады, таулы аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

Республика бойынша жел күшейеді, түнгі және таңертеңгі уақыттарда тұман болжанады, - делінген хабарламада.

Барлық жаңалықтар