00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Елімізде 18 қазанда теледидар мен радио жұмыс істемейді

07.10.2023 | 07:00
39
фото: ашық дереккөз

Елімізде жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізу үшін телеарналар мен радиостанциялар хабар таратуды уақытша тоқтатады, деп хабарлады Elorda.info «Қазтелерадио» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үздіксіз телерадио хабарларын таратуды қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын спутниктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілердің техникалық құралдарында жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізіліп отырады.

«Қазтелерадио» АҚ IV тоқсанда ұлттық спутниктік, эфирлік цифрлық және аналогтық телерадио хабарларын тарату жабдықтарында, сондай-ақ деректерді беру желілерінде жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізілгені туралы хабардар етеді. Профилактика 18 қазан сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін, – деп жазылған хабарламада.

Барлық жаңалықтар