00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

«Еліме пайдам тисін деп»: Қуат Хамитов Атырау халқына көмек жіберді

25.04.2024 | 11:03
66
«Еліме пайдам тисін деп»:  Қуат Хамитов Атырау халқына көмек жіберді
Фото: Спортшының парақшасынан

 «Найман» лақап атымен танымал аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов өз атынан тасқын судан зардап шеккен Атырау облысына гуманитарлық көмек жөнелтті, деп хабарлады Elorda.info

 Бұл туралы спортшының өзі Instagram желісіндегі ресми парақшасында айтты.  

Елде болсам Құлсарыға барып қызмет етуге болатын еді. Өкінішке қарай, қазір шетелде дайындықта жүрмін. Сондықтан, аз болса да халқыма, еліме пайдам тисін деп өз атымнан гуманитарлық көмек жіберіп жатырмын, – деді Хамитов.

Ол өз сөзінде жақын арада тасқыннан зардап шеккен басқа да облыстарға гуманитарлық көмек жіберетінін жазды.     

Айта кетейік, Қуат Хамитов қазіргі таңда 11 мамырда болатын кезекті жекпе-жегіне Таиландта дайындалып жатыр. Ол ресейлік файтер Александр Шлеменкомен кездеседі.

 

 

Барлық жаңалықтар