00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

ЕАЭО шеңберіндегі экспорт және импорт туралы айтылды

29.02.2024 | 10:42
56
Фото: дереккөзден

Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 71 және 72-баптарына сәйкес «Жанама салықтарды алу тәртібі және тауарлардың экспорты мен импорты, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету кезінде олардың төленуін бақылау тетігі туралы» хаттама әзірленді. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының Салық кодексінде 50-тарау әзірленіп, енгізілген. Онда тауарлардың экспорты мен импорты, жұмыстарды орындау, Еуразиялық экономикалық одақта қызметтер көрсету кезінде ҚҚС-қа салық салу ерекшеліктері айқындалды. 2020 жылдың 1 қаңтардан бастап күшіне енген Салық кодексінің 176-бабына сәйкес салық органдары тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады. СНТ ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлардың тізбесін, сондай-ақ ресімдеу тәртібін және олардың құжат айналымын уәкілетті орган белгілейді.  

Басқарма басшысы тауарларды Қазақстан аумағынан ЕАЭО елдеріне алып қою тізбесінен әкету кезінде ЭШФ және тауарға ілеспе құжаттарды куәландыруға кеңінен тоқталды. Спикердің айтуынша, дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуына байланысты Қазақстан Республикасы оларға қатысты баждардың төмендетілген ставкалары қолданылған тауарларды ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің аумағына әкетуге (экспорттауға) жол бермеу жөнінде қажетті шаралар қабылдауды қамтамасыз етеді.

2015 жылғы 16 қазандағы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тауарларды әкелу мен олардың айналысының кейбір мәселелері туралы хаттаманың 3-бабының ережелеріне сәйкес баждардың төмендетілген ставкалары Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден тауарларды әкелу және оларды Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінде көзделген кедендік рәсімдерге орналастыру кезінде қолданылады.

Бурабай хаттамасының 3-бабының 10-тармағында Қазақстан Республикасы ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттерге әкетілетін Тізбеге енгізілген тауарларды есепке алу жүйесін құрады деп көзделген. Есепке алу жүйесі тауарлар туралы, олардың саны туралы, ЕАЭО ҰБТ ставкасы бойынша кедендік әкелу баждарын төлеу туралы мәліметтерді қамтитын тауарға ілеспе құжаттарды қалыптастыруды және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік дерекқорында тіркеуді көздеуге тиіс. Есепке алу жүйесінде тіркелген осындай құжаттың болуы тиісті тауарларды ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттерге әкетудің шарты болып табылады. Бұл шара тізбеге енгізілген және Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағына әкетілетін тауарлардың қадағалануын бақылауды жүзеге асыру үшін көзделген,- деді ол.

Бүгінгі күні ҚМ МКК Еуразиялық экономикалық комиссияның №11 ЕҮАК шешімінің 5-тармағын орындау үшін мүше мемлекеттер тауарларды өткізудің заңдылығын бақылау мақсатында есепке алу жүйесін пайдалануға әзірлігін растағаннан кейін Қазақстан Республикасынан алып қою 2016 жылғы 12 тамыздағы № 5 ЕҮАК шешімінің тиісті ережелерін жою туралы шешімнің жобасын ЕҮАК қарауына енгізген. Есепке алу жүйесінде ақпаратқа қол жеткізуді ұсыну жөніндегі бастама және №5 ЕҮАК шешімінің күшін жою ЕАЭО елдеріне тауарларды әкету рәсімін оңайлату жөніндегі шара ретінде қазақстандық тараптан келгенін атап өту қажет.

Барлық жаңалықтар