00:00
Астана -10oC
USD:
474.83
EUR:
515.38
RUB:
5.5
Іздеу

Дихандар 17 млн га алқаптан астық жинады

22.11.2023 | 09:00
142
Фото: дереккөзден

Биыл қазақстандық шаруалар еккен егіс көлемі 24 млн гектарды құрады, бұл өткен 2022 жылмен салыстырғанда 652 мың гектарға артық. Оның – 7,1 млн га дәнді-дақылдар. Бұл туралы Elorda info ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап хабарлады. 

Облыс әкімдіктерінің деректері бойынша орташа өнімділігі 9,7 ц/га болатын 16,9 млн га (99,1%) жиналды, бастапқы салмағында 16,5 млн тонна астық бастырылды. Оның ішінде – 13,5 млн гектардан 11,5 млн тонна бидай алынған. Өнімділігі гектарына 8,5 центнерден келді.

«Сондай-ақ, шаруалар 2,2 млн гектардан майлы дақылдар жинады. Бұл осы дақылдың жалпы көлемінің 78,3% құрайды. Орташа өнімділігі гектарына 8,5 центнер болатын 1,8 млн тонна май тұқымы жиналды. Оның 845,7 мың га (74%) күнбағыс, орташа өнімділігі 11,2 ц/га болатын 943,2 мың тонна бастырылды», - деді ҚР АШМ баспасөз қызметі. 

Ал, 182,4 мың гектар алқапқа егілген картоп толық жиналып бітті. Жалпы көлемі 3,6 млн. тоннаны құрады. Өнімділігі гектарына 200,4 центнер. Сонымен қтар, 165,3 мың га алаңға егілген өзге де көкөніс дақылдарынан 4,3 млн тонна өнім алынды.  Өнімділігі гектарына 262,4 центнерді құрайды.

Барлық жаңалықтар