00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Депутатқа қатысты екі қылмыстық іс қозғалды

11.01.2024 | 09:45
50
Фото: дереккөзден

Бұл туралы Kaktus.media жазды.

Қырғыз Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің басшысы Камчыбек Ташиев депутатқа қатысты бір іс шекараны заңсыз кесіп өткені үшін, екіншісі алаяқтық үшін қозғалғанын айтқан.

2022 жылдың желтоқсанында депутат Э. Жамғырчиев кәсіпкер Сәлім Әбдувалиевпен кездесіп, қолдау табу үшін Өзбекстанға заңсыз кірген көрінеді. Одан кейін 16 желтоқсанда Бішкекке қайтып оралу үшін тағы да Өзбекстан мен Қырғызстан шекарасын заңсыз кесіп өткен.

Э. Жамғырчиев Сәлімбай Әбдувалиевтен қолдау сұрап қана қойған жоқ. Ол өзінің көмекшісін де алдаған. Сәлімбайдың көмекшісі өз айғақтарында Жамғырчиевтің бірнеше күн оның қонақүйінде болғанын, бірақ ақшасын төлемей қашып кеткенін айтады, - деді ҰҚМК басшысы.

Осы жағдайға байланысты Эмиль Жамғырчиев өзінің іс-әрекетінің себептерін түсіндіру үшін Парламент ғимаратында баспасөз мәслихатын өткізуді жоспарлаған көрінеді. Алайда ғимаратта ҰҚМК қызметкерлері жүргенін білген ол Парламент ғимаратының екінші қабатынан секіріп кеткен.

Осы орайда Жоғарғы кеңес депутаттары Эмиль Жамғырчиевті қылмыстық жауапкершілікке тартуды құптап отыр.

 

                                                                                                                          О.СӘНДІБЕК

Барлық жаңалықтар