00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Демалыс күндері ауа райы қандай болады

09.12.2023 | 02:30
42
фото: Оңалхан Өнерхан

Синоптиктер 9-10 желтоқсан күндеріне арналған Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша күн райы болжамын ұсынды, деп хабарлады Elorda.info.

Астана

9 желтоқсан – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 28-30, күндіз 20-22 аяз.

10 желтоқсан – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыстан соғатын жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 25-27, күндіз 20-22 аяз.

Алматы

9 желтоқсан – бұлтты, қар жауады, кей кездерде қалың қар жауады. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде және күндіз 5-7 градус аяз.

10 желтоқсан – көшпелі бұлт шығады, түнде қар жауады. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 5-7 градус аяз.

Шымкент

9 желтоқсан – көшпелі бұлтты, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар). Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 1-3 градус аяз.

10 желтоқсан – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 5-7 градус аяз, күндіз 0-2 градус жылы.

Барлық жаңалықтар