Әблязовтың тағы бір сыбайласы Қазақстанға өз еркімен қайтарылды
![](/img/watch-gray.png)
![Әблязовтың тағы бір сыбайласы Қазақстанға өз еркімен қайтарылды](/img/articles/3f6b92aa14acdf74ad0e00d2f5f71753.jpg)
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшылығымен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы «БТА Банкі» АҚ бұрынғы топ-менеджментіне қатысты ұйымдасқан қылмыстық қоғамдастық құрамында жасалған ақшаны, оның ішінде шетелде жымқыру және жылыстату фактілері бойынша қылмыстық істі тергеуді жалғастыруда, деп хабарлады Elorda.info.
Қылмыстық іс бойынша 2009 жылдан бері іздеуде жүрген М.Әблязовтың тағы бір сыбайласы – Алексей Богданов Қазақстанға өз еркімен қайтарылды.
Ол «Metropolitan Manageres Corp» (BVI) оффшорлық компаниясының номиналды өкілі, «Беловод крахмал комбинаты» ЖАҚ Басқарма төрағасы және «Маис Агро» ЖШС маманы ретінде банктің 300 млн теңгеден астам сомаға ақша қаражатын жымқырған.
Күдіктінің жақын туыстарымен және адвокатымен түсіндіру жұмыстарының нәтижелері бойынша Богданов Қазақстанға оралуға және тергеуге жәрдемдесуге ниет білдіріп, ол туралы жазбаша өтініш жолдады.
15 мамырда ҚР ІІМ Интерполының көмегімен Богданов Брюссель қаласынан (Бельгия) Алматы қаласына келді.
Күдіктінің ерікті түрде оралуын, кінәсін толық мойындауын және тергеумен ынтымақтастығын ескере отырып, Богдановқа қатысты бұрын сайланған қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы кепілге өзгертілді.
Қазіргі уақытта күдіктінің қатысуымен тергеу әрекеттері жүргізілуде, - делінген Антикор хабарламасында.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
![](/img/articles/cedba5704ea3c77b33a4adf2bff60ba8.jpg)
![](/img/articles/d4c3c8a90597448c1bb78ee6b9115b36.jpg)
![](/img/articles/f34e1dcbe692671b0f50a4086cb94c49.jpeg)
![](/img/articles/fb613fec42f7e3c43f8eb5736fb6dca0.jpg)
![Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының бірыңғай платформасы құрылады](/img/articles/cedba5704ea3c77b33a4adf2bff60ba8.jpg)
![Астанада қарсы бағытқа шыққан көлік иесі жүргізуші куәлігінен айырылды](/img/articles/d4c3c8a90597448c1bb78ee6b9115b36.jpg)
![Елордалық ТЖД тұрғындарға ескерту жасады](/img/articles/f34e1dcbe692671b0f50a4086cb94c49.jpeg)
![Жазғы Олимпиадада ең алғашқы жүлдені кім алған](/img/articles/fb613fec42f7e3c43f8eb5736fb6dca0.jpg)
![Полиция автокөліктен ұрлық жасаған астаналық әйелді ұстады](/img/articles/fb7c660027db55073416ce8f8fddeaa7.jpeg)
![Астанада тағы бір учаске уақытша жабылады](/img/articles/f06cdc82a936a99e2de07cc1c837a6e4.jpg)
![Алимент төлемеген 9 борышкер бас бостандығынан айырылды](/img/articles/ac45cd944d5ecf90c51c7cee1131da0f.png)
![Олжас Бектенов Семей қаласы Бас жоспарының жаңа жобасымен танысты](/img/articles/afdd3beb29af4c7fb6fbe0fef7edc1f1.jpg)
![Алаяқтар Қаржылық мониторинг агенттігі қызметкерлерінің атынан жалған хабарлама жіберіп жатыр](/img/articles/4fdfbec113af5c3f2464055cedb1c15c.jpg)
![8 жылда алғаш рет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы төмендеді](/img/articles/ddcc0b1f5933e861527fbe20897190f5.jpg)
![Су тасқыны: Ақмола облысында 113 адам эвакуацияланды](/img/articles/fe6d38141ce3660cb2cb084398c0d769.jpg)
![Қазақстандағы ең танымал есімдер](/img/articles/uploads/bala_8d46179d13.webp)
![Астаналық тұрғын көршісінің атына заңсыз 6 несие рәсімдеген](/img/articles/7f2fa721c487e8ee864514d71e6d11a6.jpg)
![Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады](/img/articles/61df077879b5ccfe7211fe605ae9f562.jpg)
![Бітімгершілік миссия мүшесі: Соғыс көрген мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу тиімді](/img/articles/b0e02ccbb546bc846e9d50c0e56d762d.jpg)
![Ұлттық музейге «Тайқазанның» көшірмесі қойылады](/img/articles/d693d977b9a549601c5dc98a9a31a409.jpeg)
![Ұлу жылы туралы не білеміз?](/img/articles/uploads/image_l_jpg_7ce868bf3e.webp)
![Құрбан айт адамның пейілі саудаға салынатын күн – Нұрлан имам](/img/articles/c3509e22a59576a15d13c5bf351df19c.jpg)
![Енді жол сапасын халық бақылайды](/img/articles/8d2fb20fedc16e5ad3f37870e248799e.jpeg)
![Ажырасу деңгейі ең жоғары 13 ел](/img/articles/uploads/620e36a23fe3f405222377_6d51532236.jpg)