00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Биыл eQonaq жүйесіне 716 нысан қосылған

17.04.2023 | 21:30
33

Жыл басынан бері eQonaq жүйесіне 716 нысан қосылды, деп хабарлады Elorda.info.

Оның ішінде пәтерлер мен апартаменттер, қонақүйлер және жалға берілетін үйлер бар. Сондай-ақ, eQonaq жүйесіне жатақханалар, сауықтыру орталықтары, кемпинг және туристік базалар кірді.

eQonaq жүйесі бірден бірнеше маңызды функцияларды орындайды. Мысалы, Қазақстанға келетін қонақтар ағынын бақылау және талдау, орналастыру орындарының тізілімін құру және т.б. Басты мақсат - туристерге көрсетілетін қызметтердің ашықтығы мен сапасын арттыру. Жүйеге көптеген нысандар қосылып жатыр. Сондықтан біз алға қойған міндеттерге біртіндеп жақындап келе жатырмыз деп айтуға болады, — деді ҚР МСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков.

Айта кетейік, eQonaq жүйесі 2020 жылдың соңында іске қосылған. Осы уақыт ішінде оған 3 214 заңды тұлға тіркелді.

Барлық жаңалықтар