00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Биыл 200-ге жуық жалған банкнота анықталды

22.12.2023 | 13:30
49
фото: дереккөзден

ҚР Ұлттық банкі жыл басынан бері 195 жалған ақшаны анықтаған. Оның басым бөлігі Алматы өңірінде тіркелді, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстан Ұлттық Банкі мен екінші деңгейлі банктер осы жылдың 11 айында 687 100 теңгенің 195 жалған ақша белгісін анықтады. Оның 193-і банкнота, 2 монета. Бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5%-ға аз, - деді ҚҰБ банкноталар мен монеталарды сараптау басқармасының бастығы Асқат Мұхамадиев. 

Көп жағдайда номиналы 5 мың теңгелік банкноталар қолдан жасалған – 68 дана, бұл жалпы санының 35,2%-ын құрайды. Одан кейінгі орындарда номиналы 2 мың теңгелік банкнота – 62 дана, 500 теңгелік банкнота – 26 дана тұр. Қолдан жасалған банкноталардың 19,2%-ы басқа номиналдарға тиесілі.

Қолдан жасалған купюралардың 80,5%-ы Алматы мен Алматы облысында анықталып отыр.

Асқат Мұхамадиевтың айтуынша, Қазақстанда жалған банкноталар, негізінен, компьютерлік техника мен кәдімгі офсеттік қағазда ағынды принтерді қолдану арқылы жасалады. Ал монеталарда тек визуалды қорғаныш элементтері сақталады. 

Барлық жаңалықтар