00:00
Астана -10oC
USD:
450.79
EUR:
482.21
RUB:
5.05
Іздеу

Бас прокурор жаздың ыстық болатыны туралы болжамға неге алаңдаулы?

Бас прокурор жаздың ыстық болатыны туралы болжамға неге алаңдаулы?
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанда барлық қызметтердің өрт сөндіру маусымына дайындығы тексерілетін болады. Мұндай тапсырманы Бас прокурор Берік Асылов берді. Бұл туралы ол X әлеуметтік желісінде жазды, деп хабарлады Elorda.info.

Қадағалау органының басшысы Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның жаз өте ыстық болады деп болжағанын атап өтті.

Орман өрттерінің шығу ықтималдығы жоғары. Менің тапсырмам бойынша ықтимал тәуекелдерді азайту мақсатында облыс прокурорлары барлық қызметтердің өрт қаупі маусымына дайындығын сараптайды, – деді Асылов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, үкімет 2023-2027 жылдары орман шаруашылығы кәсіпорындарын материалдық-техникалық жарақтандыруды нығайтуға рекордтық 68 млрд теңге бөлген. Қазақстанның орман шаруашылығының балансындағы, оның ішінде өрт сөндіруге арналған техниканың әбден тозығы жеткен.

Барлық жаңалықтар