00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Бүгін ауа райы қандай болады

04.01.2024 | 03:00
47
фото: Оңалхан Өнерхан

Қазгидромет 18 желтоқсанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл күні еліміздің басым бөлігінде қар жауады, батыста, солтүстік-батыста жауын–шашын (жаңбыр, қар) болады. 

Моңғол антициклонының әсерінен ҚР орталығында және оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республиканың батысында, солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығысы мен оңтүстігіндегі таулы аудандарда желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Атырау, Алматы, Қостанай, Түркістан, Жамбыл облыстарының таулы аудандарында тұман болады.

Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында – көктайғақ. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Абай облыстарында жаяу бұрқасын күтіледі.

Барлық жаңалықтар