00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Азық-түліктің қабында интернет алаяқтықпен күресу жолдары жазылады

31.07.2023 | 08:00
39
Фото: polisia.kz

Павлодар облысы полициясы телефон және интернет алаяқтықпен күресудің жаңа әдісін ойлап тапты, деп хабарлады  Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жергілікті тауар өндірушілермен жасалған келісімнің арқасында азық-түлік өнімдерінде алаяқтардан қалай сақтануға болатыны жайлы жазба пайда болды.

-Бұл жазбаларда алаяқтардың ықтимал әрекеттері туралы ақпарат беріледі. Қазіргі уақытта аталған жұмыс жүргізілуде және әрі қарай жалғастырылатын болады, – деді Павлодар қаласы полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Арман Қаптаев.

Павлодарлықтар полицейлердің тапқырлығын жоғары бағалады.

-Тауар сатып алғанда жазбасына мұқият қараңыздар. Сақтық шаралары толық жазылған. Мұндай ескертулер, әрине, қажет, – деді тұрғындардың бірі.

Ескертулері бар жадынамалар “Полицияның қазақстандық сервистік моделі” пилоттық жобасы аясында қала дүкендеріне де орнатылған. ІІМ қазақстандықтарды қырағы болуға шақырады. Құзырлы орган азаматтарға бөтен адамдарға жеке деректерді, банк картасы туралы ақпаратты және мобильді қосымшалардың парольдерін бермеу туралы ескертті.

Барлық жаңалықтар