00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Қазақстаннан Еуроодаққа жалған құжатпен 1 мың тонна көксерке экспортталған

06.02.2024 | 08:42
64
Фото: дереккөзден

2022 жылдың шілде айы мен 2023 жылдың сәуір айы аралығында заңды тұлға Еуроодақ елдеріне 1 135 тоннадан аса көксерке сүбесін экспорттаған. 

Экспорттауға рұқсат алу үшін ЖШС басшылығы балықтың Қырғызстанда ауланып, елімізге жеткізілгені туралы жалған ветеринарлық сертификат қолданған.

Алайда, аталған балық Алматы облысының су қоймаларынан рұқсат құжаттарсыз ауланғаны анықталды.

«Тергеу барысында экспорттауға дайын 125 тонна көлемдегі балық өнімін қоймаға түсіру фактісі анықталды. Тергеп-тексеру жалғасуда, өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201 бабына сәйкес жариялауға жатпайды», - деді Қаржылық мониторинг агенттігі. 

Барлық жаңалықтар