00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

«Қазақстан» шипажайы мемлекетке қайтарылды

19.02.2024 | 11:01
42
Фото: дереккөзден

Алматы қалалық прокуратурасының мәліметінше, 2013 жылы «Қазақстан» шипажайының директоры барлық мүлікті кепілге қойып, кірісті жасанды түрде арттыру арқылы ғимараттарды жөндеу үшін 2,6 миллиард теңге несие алған. 

2021 жылы 700 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырғаны үшін директор мен басқа да тұлғалар түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды. Несие беру кезінде банк шипажайдың төлем қабілеттілігіне талдау жүргізбеген. Осыған қарамастан 2022 жылы сот шешімімен 3 млрд теңге қарыз өндірілді. 

Алматы қаласы прокуратурасының апелляциялық шағымы бойынша бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгертіліп, бұл сома 1,8 млрд теңгеге дейін қысқартылды. 

Өз кезегінде Медеу ауданының прокуратурасы кепіл шартының заңсыздығы мен жарамсыздығына байланысты оны жарамсыз деп тану туралы сотқа жүгінді.  Алматы қаласы ауданааралық экономикалық соты прокурордың талап арызын қанағаттандырды.

Осылайша, прокуратураның шараларымен құны 7 миллиард теңгеден асатын мемлекеттік санаторий заңсыз кепілден алынып, оның қарызы 1,2 миллиард теңгеге қысқарды, - деді Алматы облысының прокуратурасы. 

Барлық жаңалықтар