00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Қазақстан Ресейге әскери техника жөнелтіп жатқаны рас па?

31.07.2023 | 03:30
39

ҚР Қорғаныс министрлігі Ресейге әскери техниканы тасымалдау туралы әлеуметтік желілерге шыққан ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстандық әскери техниканы Ресей Федерациясына жөнелтіп жатыр деген мәліметтер шындыққа жанаспайды. Аталған әскери техниканың Қазақстанға қатысы жоқ, бұл халықаралық уағдаластықтар шеңберінде ел аумағы арқылы Ресейге жоспарлы жөндеу жүргізу үшін жіберіліп жатқан үшінші елдің меншігі болып табылады. 
2022 жылдың 27 тамызынан бастап Қазақстанда қару-жарақ пен әскери техниканы экспорттауға тыйым салынған, - делінген министрлік хабарламасында. 

Қорғаныс министрлігі азаматтардан негізсіз материалдарға мән бермей, тек ресми дереккөздерге сенуін сұрайды. 

Барлық жаңалықтар