00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Ауыл шаруашылығына қатысты ақпаратта сәйкессіздіктер көп

31.01.2024 | 11:34
57
Фото: дереккөзден

Мүдделер қақтығысын шешу және деректердің дәлдігін қамтамасыз ету арқылы Бюро ресми статистикалық ақпараттың, әсіресе ауыл шаруашылығының осал секторындағы сенімділігін арттыру үшін белсенді шаралар қабылдауда. 

Мәліметтердің дәлдігі мен сенімділігін қамтамасыз ету үшін Бюро бақылау және мониторингтеу тетіктерін енгізді. 2023 жылы респонденттердің бастапқы деректері Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру бойынша Ветеринариялық қадағалау және бақылау комитетінің деректерімен, егіс алқабы бойынша ғарыштан мониторингтеу деректерімен және шаруашылық есеп деректерімен өзара тексерулер жасалып салыстырылды. Бұл әкімшілік дереккөздерге бармай-ақ профилактикалық бақылау түрінде мемлекеттік бақылауды бастауға мүмкіндік берді,-деп жазды Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі. 

Бақылау қорытындысы бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігіне, ВҚБК, ЖРБК және кент, ауыл, ауылдық округ әкімдеріне анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытындылар жолданды. Бұзушылықтардың жойылмауы Ауыл шаруашылығы министрлігін, ВҚБК, ЖРБК және 5 ауданның 29 кент, ауыл, ауылдық округ әкімін әкімшілік дереккөздерге бару арқылы профилактикалық бақылаудың жартыжылдық тізіміне енгізуге негіз болды. 

Аграрлық секторға ірі ауылшаруашылық тауар өндірушілері де, шағын шаруа қожалықтарының, шаруа қожалықтарының және жеке кәсіпкерлердің айтарлықтай саны да кіреді. Кейбір жағдайларда нақты статистикалық ақпаратты ұсыну салық салуға және басқа факторларға байланысты қиынға соғады.

2023 жылы жеке ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқаптары, түсімділігі және жалпы өнімі бойынша қашықтықтан зондтау деректерін алу мақсатында Бюро мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі арасында Техникалық ерекшелік бекітілді.

Сонымен қатар, жағдайды бағалау және ұсыныстар беру үшін АҚШ АШМ Ұлттық ауыл шаруашылығы статистикасы қызметінің Қазақстанға сарапшылар миссиясы басталды,- делінген бюро таратқан мәліметте. 

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында 2025 жылғы ауыл шаруашылығы санағын өткізуге дайындық жұмыстары жүргізілуде. Еске салайық, Қазақстандағы алғашқы ауыл шаруашылығы санағы 2006-2007 жылдары жүргізілді, ал БҰҰ ФАО оны 10 жылда бір рет өткізуді ұсынады.

Барлық жаңалықтар