00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Ауа райына байланысты сегіз өңірде ескерту жарияланды

19.01.2024 | 02:30
93
Фото: Оңалхан Өнерхан

Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында тұман болып, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде тұман түседі.

Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. 

Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде бұрқасын болады. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні – 15-20 м/с. 

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, таңертең және күндіз облыстың тау асуларында екпіні 15-20 м/с болады.

Шымкентте таңертең және күндіз көктайғақ күтіледі. 

Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман болады.

Барлық жаңалықтар