00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Ауа райына байланысты Астанаға қосымша қалааралық пойыздар қатынайды

26.01.2024 | 03:45
49
Фото: дереккөзден

Алдағы демалыс күндері күтілетін қолайсыз ауа райына байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ Бурабай курорты бағыты бойынша азаматтарды тасымалдау үшін қосымша электр пойызын енгізу туралы шешім қабылдады.

Бурабай курорты станциясына дейін №7553/7556 «Қарағанды-Астана» электр пойызының қозғалысы ұзартылады (атауы №6811/6812 «Астана-Бурабай курорты»). 

26 және 28 қаңтарда пойыз Астанадан сағат 10:10-да шығып, Бурабайға сағат 13:20-да келеді. Осы күндері кері бағытта пойыз Бурабайдан сағат 14:48-де кетіп, Астанаға сағат 17:54-те келеді. Электр пойызда жолаушыларға 274 орын ұсынылады. Қосымша электр пойыздарға билеттерді сату 25 қаңтар күні сағат 21:00-де басталды, - деді «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі. 

Жолаушылар көбейсе Астана, Қарағанды және Павлодардан 44 қосымша вагон қосылады. Бұл вагондар 2 мыңға дейін жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді.

Билеттерді bilet.railways.kz сайтынан және билет кассаларында сатып алуға болады. 

Барлық жаңалықтар