00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Астанада жаңбыр мен қардың салдары жойылуда

10.03.2024 | 03:58
58
фото: дереккөзден

Астанада қар тазалау жұмысы тәулік бойы күшейтілген режимде жүргізіледі. Бірінші кезекте орталық көшелерде, жолаушылар көлігі маршруттарында, аялдамалар мен тротуарларда тазалау жұмыстары жүргізілуде.

 Қыс басынан бастап 6 млн. текше метрден астам қар шығарылды, бұл 447 мыңнан астам ауыр жүк көлеміне тең.

Көктайғақ кезінде қала тұрғындарының ыңғайлы қозғалысы үшін жолдарға, тротуарлар мен көшелерге құм-тұз қоспасы себіледі.

Мамандар автокөлік жүргізушілерінен жолда мұқият болуды, жылдамдық режимін сақтауды сұрады.

Естеріңізге сала кетейік, "Қазгидромет" РМК мәліметінше, Астанада 10 наурызда күн бұлтты, жаңбыр аралас қар жауып, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік - батыс жел екпіні 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз -2-4 суық.

Барлық жаңалықтар