00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Астанада «Қыс – 2023» республикалық оқу-жаттығу өтіп жатыр

23.11.2023 | 09:00
49
Фото: Василий Крась

Астанада қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлардан халықты және аумақты қорғауды ұйымдастыру бойынша «Қыс – 2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу шаралары басталды, деп хабарлады Elorda.info.

Шараға 35 техника мен 125 маман қатысты. Онда табиғи қауіп-қатерден зардап шеккендерді эвакуациялау, жол төсемін тазалау, адасқан адамдарды іздеу, жылыту және медициналық, психологиялық көмек көрсету пункттерін орналастыру бойынша іс-шаралар пысықталды.

Командалық-штабтық оқу-жаттығудың барысын қала әкімінің орынбасары Ерсін Өтебаев қадағалады.  

002.jpg

«Қала әкімдігі азаматтық қорғаныс органдары құрылымының қысқы маусымға дайындығын жыл сайын дәстүрлі түрде тексереді. Өйткені азаматтық қорғанысты қамтамасыз ету құрылымдары табиғи және техногендік қауіп-қатер туа қалған жағдайда шалт қимылдап, кез келген жағдайға дайын болуы керек», - деді Ерсін Өтебаев. 

006.jpg

Елордада биылғы қысқы маусымда 300-ден астам арнаы техника қызмет көрсетеді. Қалалық төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Нұржан Хамиттің айтуынша, техникалар мен құрал-жабдықтар қысқы маусымға сақадай сай.  

009.jpg

«Астана қаласы бойынша қысқы кезеңге дайындалу үшін 300-ден астам техника дайындалды. Оның ішінде өрт сөндіру бөлімдерінен 77 техника, өтімділігі жоғарғы 9 арнайы техника, 33 негізгі мақсаттағы техника бар. Сонымен қатар құтқару бөлімшелері автономды жылытқыш генераторлар, портативті электр генераторлары мен басқа да қажетті жабдықтармен қамтылған.  Бұған қоса әкімдік тарапынан қосымша техникаларға тапсырыс берілді. Олар осы айдың соңына дейін жеткізіледі», - деді қалалық төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Нұржан Хамит. 

003.jpg

Оқу-жаттығу барысында азаматтық қорғау қызметтері қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайды жоюға әзірлік деңгейін және қабілетін арттыру, азаматтық қорғаудың кіші жүйелері жұмысындағы үйлесімділікті жетілдіру бойынша мәселелерді пысықтады. Сонымен қатар аудандық әкімдіктермен және басқа да қызметтермен жедел ақпараттың өтуіне тексеру жүргізді. 

Оу-жаттығу екі күнге жалғасады. Оның қорытындысы ведомствоаралық отырыста қаралып, нақты шешімдер қабылданады. 

001.jpg

Барлық жаңалықтар