00:00
Астана -10oC
USD:
474.83
EUR:
515.38
RUB:
5.5
Іздеу

Астанада «KazChess Awards-2024» сыйлығы табысталды

03.04.2024 | 08:32
164
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Биыл номинациялар тізімі 12 санатқа дейін кеңейтілді, деп хабарлады Elorda.info.

Туризм және спорт министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 2023 жылы 9 номинация болған.

Биыл аталған жүлдемен үздік спортшылар, жаттықтырушылар, төрешілер және елімізде шахмат спортының дамуына сүбелі үлес қосып жүрген азаматтар марапатталды.

Салтанатты іс-шараға Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев, Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов, сондай-ақ атақты спортшылар, еңбек сіңірген жаттықтырушылар және өзге де тұлғалар қатысты.

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевтың айтуынша, қазіргі таңда республика бойынша 7 мың секция жұмыс істейді, онда 200 мыңнан астам адам айналысады.

Бұл марапат спортшылардың елдегі шахматты дамытудағы еңбегін бағалау мақсатында ұйымдастырылған. Мемлекет басшысы еліміздегі шахматты қолдау мен дамытуға ерекше көңіл бөледі. Осы бастаманың арқасында республикада шахматты дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітілді, - деді министр.

Жеңімпаздар Қазақстан шахмат федерациясы президиум мүшелерінің дауыс беру жолымен таңдалды. Жеңімпаздарды анықтау кезінде спортшылардың халықаралық және республикалық жарыстардағы жеке көрсеткіштері ескерілді.
«Ерлер арасында үздік спортшы» аталымы – Алдияр Аңсат,
«Әйелдер арасында үздік спортшы» аталымы – Ксения Балабаева,
«Жыл үміті» аталымы – Данис Қуандықұлы,
«Жыл бапкері» аталымы – Павел Коцур, Александр Моисеенко,
«Өрлеу – 2024» аталымы – Зарина Нұрғалиева,
«Үздік төреші» аталымы – Кәусар Бауыржан,
«Ерлер арасында үздік ардагер» аталымы – Айтқазы Баймұрзин,
«Әйелдер арасында үздік ардагер» аталымы – Ирина Буланова,
«Жылдың үздік партиясы» аталымы – Әлішер Сүлейменов,
«Үздік шахмат шолушысы» аталымы – Александр Ляхов,
БАҚ арасында жыл серіктесі – Курсив,
«Үздік команда» аталымы – ҚР ұлттық әйелдер құрамасы.

 

Барлық жаңалықтар