00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Қаржылық мониторинг агентігі Telegram-да жаңа ботты іске қосты

08.11.2023 | 11:00
34
Фото: ашық дереккөз

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі экономикалық құқық бұзушылық фактілерін хабарлауға арналған Telegram ботты іске қосты, деп хабарлады Elorda.info

Бұл құрал арқылы қазақстандықтар экономикалық құқық бұзушылықтар туралы бір-ақ батырманы басу арқылы хабарлай алады. «AFM Insider» ресми боты бірнеше бөлімде хабарлама қалдыру мүмкіндігін береді.

Осыдан кейін сауалдың мәнін айтып, «Жіберу» түймесін басасыз. Хабарлама аз уақытта қаралады. Анонимділікке кепілдік беріледі.

Бұған дейін Telegram мессенджерінде қазақстандықтарға азаматтарды қаржы пирамидаларына тартатын алаяқтардың әрекеттерінен қорғауға арналған бот ұсынылған болатын. Оған осы жылдың басынан бері 6 мыңға жуық хабарлама келіп түсті, оның 1 175 хабарламасы тек 2023 жылдың тамыз айында түскен, - делінген агенттік ақпаратында.

Қаржылық мониторинг агенттігі жосықсыз азаматтардың заңсыз әрекеттерінің алдын алатын процестерді автоматтандыру арқылы экономикалық қылмыстармен белсенді күресті жалғастырады.

Барлық жаңалықтар