00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Қаржы пирамидасын құрған күдікті Испаниядан экстрадицияланды

01.02.2024 | 11:46
49
Фото: дереккөзден

Бас прокуратура мен Интерпол қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Испания Корольдігінен қаржы пирамидасының қызметіне байланысты трансұлттық ұйымдасқан топқа қатысқан күдіктіні экстрадициялады.

Ол 2016-2017 жылдар аралығында заңсыз материалдық пайда көру мақсатында басқа елдердегі адамдар тобымен «Questra Holding» компаниясын құрды деген күдікке ілінген.

Қылмыскерлер қаржы пирамидасын әр түрлі елдердің аумағында кедергісіз тарату мақсатында интернет желілерде салымшыларды көбірек тарту үшін компанияның ойдан шығарылған инвестициялық портфельдерін сату туралы ақпарат орналастырылған веб-сайттар ашқан.

«Бұл топ 800-ден астам азаматты алдап, 1 миллиард теңгеден астам шығын келтірген. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, күдіктілер халықаралық іздестіруге жарияланған. 2022 жылдың желтоқсанында Бас прокуратураның экстрадициялық сұрауы бойынша іздеудегілердің бірі Испания аумағында ұсталды. Қазір ол Астанадағы тергеу изоляторына қамалды», - деді Бас прокуратураның баспасөз қызметі. 

Барлық жаңалықтар