00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Қарағанды облысында суға кеткен балықшының денесі табылды

01.03.2024 | 15:12
53
фото: дереккөзден

ТЖМ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, суға кеткен адамның денесін өзге балықшылар көріп, құтқарушыларға хабарлаған.

Естеріңізге саламыз, 3 ақпан күні Осакаров ауданындағы Молодежный кентінен 20 шақырым жердегі каналда мұз жарылып, үш балықшы мінген көлік суға батып кеткен. Екі балықшы көліктен шығып үлгерген. Кейін көлік каналдың түбінен табылғанымен, үшінші балықшы ішінде болмаған. 

Сүңгуір жабдықтары мен су астындағы қашықтықтан басқарылатын тексеру кешенінің көмегімен үш күн бойы іздестіру жұмыстары жүргізілді. Алайда ауа райының қолайсыздығына байланысты іздеу жұмыстары уақытша тоқтатылған болатын. 

Барлық жаңалықтар