00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Қапшағай су қоймасында балықшы құтқарылды

19.02.2024 | 10:15
43
фото: www.gov.kz

Бүгін сағат 12:12-де Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Қапшағай су қоймасында мұз жарылып, мұз үстінде адам қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Ер адам балық аулау үшін мұзға шыққан, алайда, мұз бөлініп, балықшы жағаға жете алмай қалған. Құтқарушылар авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізді. 

«Бұл азамат ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабына сәйкес су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ауа-райына байланысты және жазатайым оқиғалардың алдын алу, жұқа мұзда жарақат алу мен адам өлімінің алдын алу мақсатында Алматы облысының ТЖД су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтауға және жұқа мұзға шығудан бас тартуға шақырады», - деді ведомствоның баспасөз қызметі. 

Барлық жаңалықтар