00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Алматыда жас тілшілер бас қосты

01.04.2024 | 09:45
45
Алматыда жас тілшілер бас қосты
Фото: ҚазҰУ-дың баспасөз қызметі

Алматыдағы  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Республикалық жас тілшілер форумы өтті, деп хабарлады Elorda.info  

 Форумға еліміздің түпкір-түпкірінен  алпыстан астам жасөспірімдер қатысты.

Биыл форумда «Журналист болғың келе ме?», «Газет, әлде интернет?», «Мультимедиа журналисінің бір күні», «Бердібек Соқпақбаев – балалар әдебиетінің бәйтерегі», «Абай - әлемдік мәдениеттің тұлғасы», «Ұлы даланың жеті қыры», «Әл-Фараби мұрасы - ақыл ойдың маржаны», «Алаш баспасөзі тағлымы», «Ұлы жеңіске тағзым» номинациялары бойынша жүзден астам жұмыстар қабылданды.

 Форумның ашылуында журналистика факультеті Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі, с.ғ.д., профессор Гүлмира Сұлтанбаева мен аға оқытуышы Серік Жұмабекұлы құттықтау сөз сөйледі. Шара барысында оқытушы  Нұрсұлу Алибаева ҰБТ-ға қатысты мектеп оқушыларына қызықты шеберлік сағатын өткізді. Жас тілші неден бастау керек, нені ескеру қажет  деген мәселелер бойынша докторант Б.Төлеген өз тәжірибесімен бөлісті. «Жас тілшілер» форумында ең үздік шығармашылық жұмыстар марапатталды. «Ең үздік жас тілші – 2024» қорытындысы бойынша бас жүлдеге «Ұлан» газетінің жас тілшісі Диана Ағзамованың жұмысы лайық деп танылды. Форум соңында әл-Фараби  атындағы  ҚазҰУ журналистика факультеті жеңімпаздарға  сыйлықтар табыстап, дипломдармен  марапаттады.

Айта кетейік, жыл сайын наурыз айында ҚазҰУ журналисика факультетінде жас тілшілер шығармашылық бағын сынайтын Жас тілшілер форумы дәстүрлі түрде өтіп келеді.

Барлық жаңалықтар